ТЕРМИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ

Термиялық әдіспен залалсыздандыру

Термиялық әдіс – қатты-тұрмыстық, құрамында мұнай бар, резеңке қалдықтарын кәдеге жарату, пайдаланылған ыдыс, орауыш материал, фильтрлер, пластинкалар және т.б. үшін.

«Эко-Техникс» ЖШС-де қалдықтарды кәдеге жарату (өртеу) бойынша «Форсаж-2М» қондырғысы пайдаланылады. Қалдықтарды кәдеге жарату бойынша «Форсаж-2М» қондырғысы қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік, соның ішінде құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жарату (өртеу) үшін арналған.

Қондырғы қалдықтардың мына түрлерін кәдеге жаратуы мүкін:

пайдаланылған фильтрлер;

қатты-тұрмыстық қалдықтар;

майлы шүберектер және жоңқалар;

пайдаланылған сорбенттер;

қағаз бұйымдары;

құрамында мұнай бар қалдықтар;

пайдаланылған ыдыс және орауыш материал;

басқа да жанғыш материалдар.

Қондырғының құрылымдық ерекшеліктері нәрлілігі 5500 ккал/кг дейінгі қалдықтарды өртеуге мүмкіндік береді. «Форсаж-2М» қондырғысын қалдықтарды жоспарлы кезеңдік кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ әртүрлі авариялық жағдайлардың салдарын жою процесінде де табысты қолдануға болады. Жанудың жоғары температурасының арқасында (шамамен 1100°С), аяғына дейін өртеу камерасында күрделі органикалық қосылыстарды қарапайым компоненттерге дейін толық ыдырату процесі орындалады. Шығатын газдардағы ластауыш заттектердің болуы ең кеміне айналады. Бұл ретте қондырғыда қалдықтар іс жүзінде толық жанып кетеді – күл түріндегі қалғаны қалдықтардың құрамына қарай қалдықтардың бастапқы салмағынан 3–5% құрайды.