МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ

Өнеркәсіптік қалдықтарды микробиологиялық залалсыздандыру әдісі экологиялық қауіпсіз «Родотрин», «Бакойл» және «Нефтедеструктор-Казбио» биопрепараттарын қолдануда негізделген. Осы бактериалдық биопрепараттарға ұқсайтын препараттар жоқ, және басқа амалдар жеткіліксіз болғанда, және тіпті осы басқа амалдар қоршаған ортаға одан да көп зиян келтіреді, осы бактериалдық биопрепараттар тиімді жұмыс істейді. Көмір сутекті ластануды тазалау дәрежесі 80 бастап 99% дейінгі көрсеткішті құрайды.

Биопрепараттар табиғи және антропогендік экожүйелерде табысты жұмыс істейтін, мұнайды тотықтандыратын көмірсутекті тотықтандырғыш микроағзалардың мұқият іріктелген тобын білдіреді. Қабықшаның үстінде ғана жұмыс істейтін көптеген биопрепараттарға қарағанда, препараттар құрамына кіретін микроағзалар мұнай қабықшасының қалдындығына тікелей сіңуге қабілетті. Ал осы, препараттар мұнайдың ерігіш, сондай-ақ ерімейтін компоненттерін де ірітуге қабілетті екендігін көрсетеді. Микробиологиялық әдіспен залалсыздандыру процесі төменде көрсетілген қалдықтарды залалсыздандыруға қолданылады:

мұнай шығаратын, мұнай өндіретін кәсіпорындардың технологиялық науаларын (мұнай шламдарын, әктасты шламдарды резервуарлардың түбіндегі тұнбалары, тазалау құрылыстарының тұнбаларын және т.б.) заласыздандыру;

құрамында мұнай бар қалдықтарды (мазутпен ластанған топырақты) залалсыздандыру;

әртүрлі объекттерде мұнаймен ластанған жерлерді рекультивациялау.

6