Біз туралы

o_nas

«Эко-Техникс» компаниясы Батыс Қазақстанда қалдықтарды басқару саласында қызмет көрсететін серпінді дамылып бара жатқан қазақстандық компаниялардың бірі болып табылады. «Эко-Техникс» ЖШС өз клиенттеріне құрамында мұнай бар қалдықтарды, бұрғылау қалдықтарын залалсыздандыру, топырақтың бүлінген құнарлығын техникалық және биологиялық рекультивациялау және қалдықтарды қайта пайдалану бойынша кешенді шешімдерді ұсына отырып, экологиялық проблемаларды шешуге және өңірді тұрақты дамытуға едәуір үлесін қосады. Физикалық-химиялық және микробиологиялық әдістер мұнай шығару және мұнай өндіру қалдықтарын кәдеге жарату және залалсыздандыру үшін пайдаланылатын негізгі әдістер болып табылады. Жұмыстардың аталған түрлері бекітілген технологиялық регламентке және Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мына қызмет түріне – тау мұнай химиялық өндірістерді пайдалануға, кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізуге 02.02.09 ж. №002580 мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүргізіледі. Компанияда мемлекеттік экологиялық сараптаманың ҚОӘБ жобасы бойынша 2009 ж. 16 қаңтардағы №4-003 қорытындысы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 2009 ж. 6 қаңтардағы №3 қорытындысы бар.

2009 жылы «Эко-Техникс» Компаниясы сертификаттаудан табысты өткен және ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкес интегралданған менеджмент жүйесін енгізген. Кәсіпорында өндірістік қызмет процесінде тікелей пайдаланылатын Еңбекті Қорғау және Қауіпсіздік Техникасы бойынша Бағдарлама, Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша Бағдарлама табысты іске асырылуда.

Компания сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарды сөзсіз орындауға және қызметкерлердің денсаулығына тәуекелдерді және қауіптіліктерді ықшамдауға және халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге негізделген Менеджменттің интегралданған жүйесін әрдайым жетілдіруге міндеттенеді.

«Эко-Техникс» ЖШС қазақстандық нарықта көрсетілетін қызметтердің спектрін үнемі кеңейте отырып және орындалатын жұмыстардың сапасын көтере отырып қалдықтарды басқару аясындағы кешенді қызметтерді көрсету саласында алдынғы қатарлы компания ретінде болуға ұмтылады. Компания қоршаған орта ластануын болдырмауға бағытталған және қалдықтарды залалсыздандыру және қайта өндеу технологияларын әрдайым жетілдіруді жүзеге асырады.

Компанияның қызметкерлері жоғары білікті және жұмыстар көлемін орындау үшін үлкен әлеуетке ие.

Өндірістік қызмет кезеңінде «Эко-Техникс» ЖШС жұмыстардың мына түрлерін орындаған болатын:

- «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Эмбамұнайгаз» ӨФ кен орындары:

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ;

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ;

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС;

«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ;

«Admaco Drilling» АҚ;

«Мұнай Сервис ЛТД» ЖШС;

«Матин» БК ЖШС;

«Арнаойл» ЖШС;

«Тандай Петролеум» ЖШС.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Эмбамұнайгаз» ӨФ кен орындарының аумағын мазутпен ластанған топырақтан тазалау және техникалық рекультивациялау бойынша жұмыстар:

- «Доссормұнайгаз» МГӨБ;

- «Жайықмұнайгаз» МГӨБ;

- «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ.

Сарқынды суларды механикалық тазалау қондырғысының механикалық қоспаларын шығару және кәдеге жарату бойынша жұмыстар:

- «Атырау мұнай өндіретін зауыт» ЖШС.

Мазутпен ластанған топырақты шығару бойынша жұмыстар:

- «Каспий мұнай» ЖШС.

Мазутпен ластанған топырақты микробиологиялық әдіспен шығару және кәдеге жарату бойынша жұмыстар:

- «Тенгизшевройл» ЖШС.