КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Эко-Техникс» ЖШС 100% Қазақстандық компания және Атырау, Актөбе және Маңғыстау облыстарының аумағында жұмыс істейтін серпінді дамылып бара жатқан компаниялардың бірі болып табылады. Тасымалдау, құрамында мұнай бар қалдықтарды, бұрғылау қалдықтарын залалсыздандыру және кәдеге жарату, топырақтың бүлінген құнарлығын рекультивациялау «Эко-Техникс» ЖШС қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Жұмыстардың аталған түрлері белгіленген мемлекеттік стандарттар бойынша және ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.

glavnaya

«Эко-Техникс» ЖШС-нің едәуір зияткерлік әлеуеті бар және өз клиенттеріне қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату мәселелері бойынша консалтингтік қолдауды көрсететді. «Эко-Техникс» ЖШС өз клиенттеріне құрамында мұнай бар қалдықтарды, бұрғылау қалдықтарын залалсыздандыру, топырақтың бүлінген құнарлығын техникалық және биологиялық рекультивациялау және қалдықтарды қайта пайдалану бойынша кешенді шешімдерді ұсына отырып, экологиялық проблемаларды шешуге және өңірді тұрақты дамытуға үлесін қосады. Бизнес-көрсеткіштерді әрдайым жақсарту және біздің клиенттеріміздің қанағаттанушылығы компания бизнесінің дамуына негіз болып табылады.

«Эко-Техникс» ЖШС технологияларды үнемі жетілдіруді жүзеге асырады және қалдықтарды залалсыздандыру және қайта өндеудің ең жақсы қол жетімді технологияларын қолдануға, энергияның баламалы көздерін қолдануға, ластануды болдырмауға және өндірістік пен экологиялық тәуекелдерді үнемі төмендетуге бағытталған.

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (УММТУ), ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биотехнологиялардың ұлттық орталығы» РМК «Экологиялық биотехнологиялар» филиалы, «КазЭкоБиоСистема» ЖШС «Эко-Техникс» ЖШС-нің ғылыми серіктестері болып табылады. Ғылыми серіктестер бұрғылау қалдықтарын және құрамында мұнай бар және мұнаймен ластанған қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша өзіндік технологияларды әзірлеген және патенттеген.

«Эко-Техникс» Компаниясы 2009 жылы ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджменттің интегралданған жүйесін енгізді, ал 2012 жылы енгізілген стандарттарды табысты қайта сертификаттаған.

«Эко-Техникс» ЖШС-де қолданылатын қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша технологиялық процестер мұнай шығару және мұнай өндіру қалдықтарын залалсыздандырудың үш әдістерін көздейді, ол:

физикалық-химиялық, микробиологиялық және термиялық әдістер.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨНДЕУ ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Залалсыздандыру нәтижесінде алынған өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және қауіпсіздік және сапа саласындағы талаптарға сәйкес келеді және автомобиль жолдарының жол жабынын төсеу кезінде, топырақтың бүлінген құнарлығын рекультивациялау, ішкі кәсіптік жолдар үшін және аумақтарды көгалдандыру кезінде құрылыс материалдары ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осы әдістерге заңнама және халықаралық стандарттардың талаптарын ескеріп қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендететін және тәуекелдерді ықшамдайтын операциялық рәсімдер әзірленген.

«Эко-Техникс» ЖШС қайта өнделген қалдықтарды кәдеге жаратуға (қайтадан пайдалануға) мүмкіндік беретін жаңа технологияларды іздестірумен белсенді айналысуда.

2010-2012 ж.ж. Алматы қ. «Дортранс» ҚазҒЗжәнеЖИ институтында ғылыми және эксперименттік зерттеулер негізінде «Жол құрылысында залалсыздандырылған құрамында мұнай бар қалдықтарды - техногендік топырақтарды қолдану бойынша ұсыныстар» әзірленген болатын. Ұсыныстар жол құрылысында құрылыс сөндірілмеген әк, целлюлоза, бентонит, реагент А (Буретан) түріндегі арнайы реагенттер арқылы алдын ала залалсыздандырылған пайдаланылған бұрғылау ерітінділері, бұрғылау шламдары, мұнаймен ластанған топырақтар түрінде мұнай шығарудан жанама қалдықтарын білдіретін залалсыздандырылған құрамында мұнай бар минералды қалдықтарды – техногендік топырақтарды қолдануды негіздейді.

2012 жылы «Эко-Техникс» ЖШС мамандары  ұйымның «Қайта өндеу өнімі. Органикалық топырақ ЖШС СТ 9400-1915-ЖШС-234-01-2012» тіркеу нөмрі 00710199 стандартын және «Қайта өндеу өнімі. Техногендік дисперсиялық топырақ ЖШС СТ 9400-1915-ЖШС-234-02-2012» тіркеу нөмірі 00710198 стандартын әзірлеген болатын.

Тас материалдарын және табиғи топырақтарды залалсыздандырылған құрамында мұнай бар минералды қалдықтармен араластыру арқылы алынатын пайдаланылған материалдар және бекітілген топырақтар жер төсемінің үстінгі жағын, қосымша қабаттарды және III, IV және V жол-климаттық аймақтарда ылғалдау бойынша өңірдің 1 және 2 типтегі жағдайларында I-V техникалық санаттардағы автомобиль жолдарының күрделі, жеңілдетілген және өтпелі типтеріндегі жол жабындары негіздерінің қабаттарын орналастыру үшін қолданылатын тұтқыр бейорганикалық заттектермен өнделген, бекітілген жасанды материалдарды өзімен білдіреді.

Физикалық-химиялық әдіспен залалсыздандырылған қалдықтар өзімен табиғи топырақтарға тән физикалық-механикалық қасиеттерге ие болған «Техногендік дисперсиялық топырақтар» деп аталатын антропогендік пайда болған қалдықтарды білдіреді.

Осындай топырақтарды жол-құрылыс материалдары ретінде анағұрлым тиімді қолдануға оларды тас материалдарымен және табиғи топырақтармен қоспаларда бейорганикалық тұтқыр заттектермен бекіту кезінде қол жеткізіледі. Бұл алынатын материалдардың физикалық-механикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз етеді.

Бейорганикалық тұтқыр заттектермен бектіліген техногендік топырақтардың тас материалдарымен және табиғи топырақтармен қоспасы жер жабынының үстінгі жағын, қосымша қабаттарды және барлық техникалық санаттардағы автомобиль жолдарының жол төсемі негіздерінің қабаттарын орналастыру үшін жарамды. Жол құрылысы тәжірибесіне техногендік топырақтар негізіндегі қоспаларды енгізу жергілікті жол-құрылыс материалдарының шикізат базасын кеңейтуге, тас материалдарына қажеттілікті және құрылыстың құның төмендетуге, мұнай шығаратын салада минералдық қалдықтарды кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық жағдаятқа жағымды әсер береді.

2009 және 2011 жылдарында «Real Way» ЖШС сынау зертханасында залалсыздандырылған қалдықтардың үлгілеріне және залалсыздандырылған қалдықтардың табиғи топырақтармен қоспасына сынаулар жүргізілген болатын. Техногендік топырақты бұдан әрі пайдалану бойынша жүргізілген сынақтар нәтижелері жөнінде мына қорытындылар жасалған болатын:

  • барынша қатты нығыздау кезінде іс жүзінде материал өткізбейтін болады 5*10-7 м/тәул;
  • жер жабынын тұрғызу және қайта көму үшін пайдалануға мүмкін;
  • шлам жинағышқа қайта көму үшін пайдалануға мүмкін;
  • сазды шеңберді жасау үшін пайдалануға мүмкін;
  • сылау материалын даярлау кезінде сазды құрауыш ретінде пайдалануға мүмкін;

Сонымен, «Техногендік дисперсиялық топырақ» қайта өндеу өнімі:

  • бейорганикалық тұтқыр заттектермен, тас материалдарымен және табиғи топырақтармен қоспаларда (жер жабынының үстінгі жағын, қосымша қабаттарды және барлық техникалық санаттардағы автомобиль жолдарының жол төсемі негіздерінің қабаттарын орналастыру үшін) жол-құрылыс материалдары ретінде қолданылуы;
  • жер жабынын тұрғызу және қайта көму үшін пайдаланылуы;
  • шлам жинағышқа қайта көму үшін пайдаланылуы;
  • сазды шеңберді жасау үшін пайдаланылуы;
  • сылау материалын даярлау кезінде сазды құрауыш ретінде пайдаланылуы;
  • аумақтың айналасын үйінділеу үшін пайдалану ретінде қолданылуы;
  • қалдықтарды залалсыздандыру кезінде құрылымдағыш ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда топырақтарда мұнай өнімдері болуы бойынша нормативтер жоқ, және микробиологиялық тазалау және мұнаймен, мұнай өнімдерімен ластанудан қалпына келтіру нәтижесінде алынған жер топырақтарының сапасын бағалау үшін әзірленген айқын критерийлер де жоқ.

Тазаланған топырақ бүлінген жерлерді биоремедиациялау, топырақ жамылғысы бүлінген немесе толық жойылған аумақтарды қалпына келтір үшін, қала салу үшін, ландшафттарды, рекреация аймақтарын және т.б. жайғастыру кезінде немесе орман отырғызу үшін жарамды болады.

«Органикалық топырақ» қайта өндеу өнімі қалдықтарды микробиологиялық тазалау процесінің түпкі нәтижесі болып табылады және:

  • бұрғылау алаңдарында орналастырылуы;
  • бүлінген жерлерді рекультивациялау үшін пайдаланылуы;
  • жолдарға арнайы үйіп көтеру үшін пайдаланылуы;
  • жол жұмыстары және аңғарларды жою кезінде балласт ретінде пайдаланылуы;
  • кәсіпорындардың өнеркәсіптік аймақтарын және қала аумағын көгалдандыру кезінде гүлзар топырағы ретінде пайдаланылуы;
  • ландшафттарды жайғастыру кезінде немесе орман отырғызу үшін пайдаланылуы;
  • кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтарын жайғастыру үшін пайдаланылуы;
  • қалдықтарды залалсыздандыру кезінде құрылымдағыш ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандырудан кейін түпкі өнім ретінде «Термиялық топырақ» болып табылады. Осы материал физикалық-химиялық және микробиологиялық әдістер арқылы залалсыздандырудың дайындалу кезеңінде қалдықтарға қосу үшін құрылымдағыш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Материал МЕМСТ 30491-97 талаптарына сәйкес келеді және жер жабынының топырағы ретінде және жолдарды салу кезінде бекітілген топырақтан жасалған негіздің қабаты ретінде де пайдаланылуы мүмкін.

Қайта өндеу (сынамаларды алу, талдауларды жүргізу) өнімдерін бақылауды ҚР сертификатталған аналитикалық зертханалары жасалған шарттар негізінде жүзеге асырады.

«Эко-Техникс» ЖШС-де жұмыстарды орындау үшін:

Өнеркәсіп саласындағы лицензия;

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия;

Атырау обылысының Жылыой, Индер аудандарында, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында және Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша жекеменшік алаңдар;

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат;

Қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламенті;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік талаптарға сәйкес келетін қызметтерді көрсету үшін жабдықтар;

Қалдықтарды тиеу және тасымалдау үшін мамандандырылған автокөліктер және арнайы техника;

Қалдықтармен жұмыс істеу саласында арнайы дайындықтан өткен техникалық басшылардың және мамандардың білікті құрамы;

Ұйымның стандарты. Қайта өндеу өнімі. Техногендік дисперсиялық топырақ. ЖШС СТ9400-1915-ЖШС-234-02-2012;

Ұйымның стандарты. Қайта өндеу өнімі. Органикалық топырақ. ЖШС СТ9400-1915-ЖШС-234-01-2012